Атырау, 2 мамыр 17:40
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қайыршақты ауылдық округі Аспа ауылы тұрғындары көшіріледі

Сурет
439 просмотра


Атырау қаласында су тасқынына дайындық аясында 229 шақырым бөгет салу жоспарланса, 15 сәуірдегі жағдай бойынша оның 139,2 шақырымы салынды, орындалған жұмыс көлемі 60,8 пайыз, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ «Соколок», «Аспа», «Бесікті», «Талқайран», «Ақжар», «Көктем» және «Геолог» ықшам аудандарында болды.

Учаскелерге жауаптылар, жергілікті тұрғындар, еріктілер атқарылып жатқан жұмыстарға, техникалармен және қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарын айтты. Аймақ басшысы жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ аралау барысында Қайыршақты ауылдық округінің Аспа ауылының тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды, ол жерде 16 тұрғын үй және 86 тұрғын бар. Бұл үйлер Жайық өзеніне жақын орналасқан, соның салдарынан үйлердің топырағы шайылып кеткен.

Штаб отырысы барысында облыс әкімі қала ішіндегі жағалау бойындағы бөгеттердің деңгейін көтеруді тапсырды. Жалпы Атырау қаласы бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін түрлі ұйымдардың 950 техникасы жұмылдырылды.

16 сәуір, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.