Атырау, 2 мамыр 08:08
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

260 просмотра
Фото: freepik.com

Қазгидромет» РМК бүгінге, 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болады.

Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.

16 сәуір, 08:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.