Атырау, 4 мамыр 12:43
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Бишімбаевтың сотында алқабилер құрамы өзгерді

278 просмотра

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісін қарауды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сот отырысында алқабилердің бірі ауыстырылды.

"Процеске қатысушылар назарына, сот отырысы залына денсаулық жағдайы бойынша 2 нөмірлі алқаби келген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес алқабилер мен қосалқы алқабилер істі сот талқылауы кезінде үнемі қатысуға тиіс. Егер сот талқылауы барысында, бірақ, алқаби мен судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шыққанға дейін алқабилердің кез келгені сот отырысына қатысуды жалғастыра алмайтыны анықталса, онда ол қосалқы алқабилердің тегі көрсетілген билеттер жәшіктен шығарылған тәртіппен қосалқы алқабилермен ауыстырылады. Осыған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 645-бабына сәйкес №11 запастағы алқабиден №2 алқабидің орнына отыруды сұраймын", - деді судья Айжан Кулбаева.

15 сәуір, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.