Атырау, 2 мамыр 17:47
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

13 сәуірде Жайық өзенінде су деңгейі қаншалықты көтерілді

574 просмотра

Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет, 2024 жыл, 13 сәуір.

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша гидрологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, 2024 жыл, 13 сәуір 8 сағаттағы жағдай бойынша ахуал:

- Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейі 516 см, су деңгейінің  көтерілуі +15 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 293 см. 

- Махамбет ауданындағы су деңгейі 624 см., су деңгейінің көтерілуі + 19 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 307 см. 

- Атырау қаласындағы гидропосттағы су деңгейі 352см, су деңгейінің  көтерілуі +18см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің көтерілуі 161см. "13 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу көлемі  447 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штаб

13 сәуір, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.