Атырау, 2 мамыр 07:24
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жалған ақпарат тасқыны

699 просмотра

Әлеуметтік желіге шолу жасағанда "АЖ" бір ақпаратқа тап болды. Онда Махамбет ауылына 300 сарбаз келіп, халықтың су тасқынына қарсы соғып қойған бөгетін бұзбақшы болғаны туралы айтылады. 

Ақпарат таратушының айтуынша, мұны махамбеттік жігіттер көріп қалып, соңы төбелеске ұласа бастап тоқтаған.  

Бұл жазбаны Махамбет ауданы әкімшілігі жоққа шығарды. 

"Аудандағы су тасқынына дайындық жұмыстарымен ҚР Премьер-Министірінің орынбасары Қанат БОЗЫМБАЕВ танысып, Махамбет ауылында әлі де жасалатын жұмыстың көптігін, қол күшінің аздығын көріп, бөгет соғу жұмыстарына 360 сарбазды көмекке жіберген болатын. Ол сарбаздар кеше ауылымызға келіп, бөгет соғу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сарбаздардың жатын орны, тамағы аудандық әкімдік тарапынан қамтамасыз етілген. Ауылға сарбаздардың келуін қате түсінгеннен "Солдаттар халықтың жасап қойған бөгетін бұзбақшы" деген жалған ақпарат тарады", - делінген Махамбет аудандық әкімдігінің берген жауабында.  

Әлбетте, жалған ақпарат таратушы анықталды. ТЖ кезінде жалған ақпарат таратушылар жазаланатыны жөнінде прокуратура алдын ала хабар таратқан болатын. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 сәуір, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.