Атырау, 2 мамыр 17:48
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Былапыт сөз үшін айыппұл: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды

633 просмотра
Жасанды интеллект шығарған сурет

Ұстазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды сттың баспасөз қызметі. 

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық әрекетін жасаған.

Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы - Б. ұлының айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген қылығы үшін кешірім сұрады.

Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қысқартылған тәртіппен 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

12 сәуір, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.