Атырау, 8 мамыр 21:13
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Су тасқыны​ Қазақстандағы КҚК нысандарына әсер еткен жоқ

432 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстандағы су тасқыны жағдайында «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) қалыпты жұмыс істеп тұр, республика аумағында орналасқан барлық мұнай айдау стансалары су басу аймағынан тыс жерде, деп хабарлады Nege Aqsha консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консорциумның шығыс аймағының арнайы штабы жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап отыр, 2024 жылғы 8 сәуірде таңертеңгі ахуал бойынша барлық нысандар мен жабдықтар, оның ішінде 24 магистральды кран торабы қауіпсіз аймақта.

Атырау мұнай айдау стансасындағы Жайық өзені мен тас жол арасындағы мұнай құбырының желілік бөлігінің 209-шы шақырымындағы кран торабына ерекше назар аударылып, олардың айналасына қосымша қорғаныс үшін топырақ үйілген.

Теңіз, Атырау, Құрманғазы және Исатай станцияларын қосқанда, Қазақстандағы төрт мұнай айдау станциясы да су басу қаупінен тыс. Сондай-ақ, аталған нысандарда ауыз су, азық-түлік және жанар-жағармай қоры бар, қызметкерлерді жеткізу белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, трасса бойының ахуалына да тұрақты бақылау жүргізілуде, мұнай құбырының 72-ші шақырымында Каспий теңізі жақтан желбөгет сулары тіркелді, бірақ бұл консорциумның коммуникацияларына қауіп төндірмейді.

8 сәуір, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.