Атырау, 8 мамыр 12:49
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«​Бұл жердегі бейне айқын емес» - Сәтқалиев Қашаған мұнайының төгілуі туралы

510 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Каспий теңізіне мұнай төгілгені расталмағанын мәлімдеді. Десе де акваторий аймағы тексеріліп, су сынамасы алынған, деп хабарлайды kz.kursiv.media.

«Қазіргі кезде бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Яғни ғарыш кеңістігінен түсірілген суретке сарапама жүріп жатыр. Бұл жердегі бейне айқын емес, табиғи құбылыс ретінде байқалып тұр. Бүкіл акваторий бойынша су сынамасы алынған. Әзірге мұнай төгілгені расталмады. Ол жақта әлі экологтар жұмысын жалғастырады»,- деді министр.

Сәтқалиев жер серігі суретінде көрсетілген аймаққу су көлігімен барып, сынамалар алынғанын айтады. Егер қажет болса, аймақты мамандар әуе көлігімен шолып шығады.

3 сәуір, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.