Атырау, 8 мамыр 13:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​NCOC 12,4 млрд теңге айыппұл төледі

482 просмотра

2022 жылы экологиялық инспекция "Норт Каспиан Оперейтинг компания Н.В." (NCOC) компаниясының Теңіз кешенін тексеру нәтижелері бойынша экологиялық талаптардың нормаларын бұзу, оның ішінде экологиялық рұқсатсыз күкіртті газды жағу, өндірістік суларды Каспий теңізіне тазартусыз ағызу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

NCOC - қа қатысты 5 әкімшілік іс қозғалып, олар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Атырау қаласы сотының апелляциялық сатысымен кәсіпорынға 12 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, ол толық көлемде төленді. 

Бұзушылықтарды жою туралы бұйрық қазіргі уақытта Жоғарғы сотта қаралуда.  Бұған дейін Астана қаласы сотының 1-ші және 2-ші сатысында нұсқама заңды және негізделген деп танылған болатын. 

31 наурыз, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.