Атырау, 27 сәуір 15:48
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

400-ден астам үй суға кетті: ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы хабарлады​

661 просмотра

ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы сағат 16.00-дегі ақпаратты хабарлады.

Министрліктің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 439 жеке тұрғын үй, 334 аула аумағы және 75 саяжай үйі су астында қалып отыр. Сондай-ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардағы 24 автожолды су шайды және 84 жол төсемі арқылы су жүрді. Бүгінгі таңда еліміздің 7 өңіріндегі 26 елді мекенде көлік қатынасы үзілген.

Азаматтық қорғау қызметтерімен 4 733 адам, оның ішінде 1 686 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 2 992 адам, оның ішінде 1001 бала орналастырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс мининистрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен 586 адам, оның ішінде 216 бала құтқарылды.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 2,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 162 мыңнан астам қапшық және 33 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам және 3000 бірлік техника мен 12 әуе кемесі жұмылдырылды.

29 наурыз, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.