Атырау, 27 сәуір 14:24
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

ШҚО-да жүк тиелген вагондар тағаннан тайып кетті

655 просмотра

Алтай ауданындағы Серебрянскі қаласынан облыс орталығына беталған жүк пойызының он екі вагоны рельстен шығып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz.            

Оқиға жолдың 35-ші шақырымында, Ұлан ауданының аумағында болған. Зардап шеккендер жоқ, тек бүгін Өскемен 1- Алтай пойызы жолға шықпайды.

«Вагондардың рельстан шығып кетуіне байланысты 29 наурызда Өскемен 1-Алтай бағытындағы 641/642 пойыз қозғалысы тоқтайды», - деп мәлімдеді  облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. 39 жұмысшы мен бір арнайы техника жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері бір техникамен жолға шықты.

29 наурыз, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.