Атырау, 27 сәуір 19:15
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Абай облысында үш тұрғын жоғалып кеткен

216 просмотра
Фото: Polisia.kz

Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен "Шалқар" шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Аталған трактор көлігіндегі екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған, бүгінде аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз күйде қалып отыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес екені айтылды.


29 наурыз, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.