Атырау, 27 сәуір 16:46
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Атырау қаласында жаңбырдан жиналған суды тазарту бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

851 просмотра
Сурет: видеордан алынған скрин

2024 жылғы 28 наурызда  жергілікті атқарушы органға көмек ретінде, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары көше бойына жиналған жаңбырдан жиналған суды тазарту бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Бүгін
• сағат 06:00-ден бастап Атырау қаласы, Сарықамыс ықшам ауданы Т.Садықов көшесінің бойындағы,
• сағат 10:00-ден бастап Мирас ықшам ауданы, Астана көшесіндегі бала-бақшаның ауласында, 
• сағат 10:50-ден Қоскелдиев көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің ауласында жауын-шашын салдарынан жиналған суды шығару жұмыстары жүргізілуде.   

Сурет: видеордан алынған скрин

28 наурызда сағат 11:30-дағы ақпарат бойынша жалпы көлемі 1479 текше метр жаңбыр суы алынды. 

Айта кетейік, 27 наурызда ТЖД күштерімен 4420 текше метр жаңбыр суынан тазартылған болатын. 

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері және 3 бірлік техника (ПНС, АР), 2 дана мотопомпа жұмылдырылды.

28 наурыз, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.