Атырау, 27 сәуір 17:07
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Павлодарда блогер "Путин құйло" деген сөзі үшін 15 тәулікке қамалды

Бейнежазба
339 просмотра

Павлодар соты тікелей эфир кезінде "Путин құйло" деген тіркесті пайдаланған блогер Диас Құзайырды 15 тәулікке қамады. Сот қаулысында аталған тіркес "балағат сөз" ретінде бағаланған. Ал айыппен келіспеген блогер қазақша тіркестің былапыт сөз емес екенін айтады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Sud.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, Павлодар тұрғыны, белсенді Диас Құзайыровқа "Ұсақ бұзақылық" (434-бап, 2-бөлік) бабы бойынша айып тағылған. Онда блогер 25 наурызда сағат 14 шамасында Павлодарда "тікелей эфирге шығып, былапыт сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны" жазылған.

Ал белсенді айыппен келіспеген.

"Менен "неге солай айттың" деп сұрады. Мен "қазақ тілінде құю, құйло" деген сөз заңды бұзатын сөз емес, әдеби тіркес" деп айттым" дейді сот арасында видео түсірген блогер.

Сот оны жоғарыда аталған бап бойынша кінәлі деп таныған.

Жергілікті БАҚ Диас Құзайырды тіл сақшысы жобасын ұйымдастырушысы ретінде атайды. Жоба мүшелері сатушылар мен шенеуніктерді камераға түсіріп, мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етеді. 2023 жылы қазанда Құзайырға "ұлттық алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оған блогердің шенеуніктерден қазақ тілінде сөйлеуді талап етуі себеп болған.

2022 жылы қазанда Құзайыр Қазақстанға келген ресейліктерге "Қырым кімдікі?" деп сұрақ қойғаны үшін бес тәулікке қамалған.





28 наурыз, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.