Атырау, 27 сәуір 16:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Сот кәріз люкінің салдарынан болған жол апаты шығынын компания иесінен өндіріп алды

768 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Б.-ның АҚ-нан автокөліктің зақымдануына байланысты мүліктік зиянды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Бірінші сатыдағы соттың шешімі бойынша

2023 жылғы 15 маусымда А. және Б. басқарған екі автокөлік соқтығысқан. Соқтығысудың себебі А.-ның көлігі түскен ашық люк болды. Соның салдарынан, А.-ның автокөлігі инерция арқылы Б.-ның көлігіне соқтығысып, оған механикалық зақым келтірілді. Б.-ның зақымданған автокөлігі ішінара жөнделді.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Сот қаулысында бұл оқиғаның себебі жолдағы кәріз люгі қақпағының дұрыс орнатылмағаны екені анықталды.

Талап қою жеке кәсіпкер «М» жүргізген бағалау есебіне сәйкес, талап қоюшының автокөлігін қалпына келтіру құны амортизациялық тозуын есепке алмағанда 656 120 теңгені құрағанына негізделген.

Атырау қалалық сотының шешімімен АҚ-нан Б.-ның пайдасына ішінара мүліктік зиян және сот шығындары өндірілді.

Апелляциялық шағым

Жауапкер АҚ-ның апелляциялық шағымы бойынша іс апелляциялық сатыда қаралды, онда ол сот шешімінің күшін жоюды және талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұрады. Сот алқасы сот шешімінің заңдылығы мен дұрыстығын толық көлемде тексеріп, бірінші сатыдағы сот іс бойынша заңды шешім қабылдады деген қорытындыға келді.

Бұл жағдайда, талап қоюшымен зиян келтірілгені дәлелденді. Жол-көлік оқиғасы және жауапкердің мүлкіне зиян келтіру фактісі тараптармен дауланбады. Жауапкер соқтығысқан кәріз құдығының өзіне тиесілі екенін жоққа шығармайды.

Мұндай жағдайда, сот талап қоюшы мен А.- ның автокөліктері арасындағы жол-көлік оқиғасы жауапкердің өз объектісіне немқұрайлы қарауынан пайда болды, соның салдарынан мүліктік зиян келтірілді деп есептейді.

Сот шешімінде көрсетілген барлық тұжырымдар дәлелді және іс материалдарындағы дәлелдемелермен расталады, сот шешімін өзгерту немесе күшін жою үшін негіз анықталмады.

Осыған байланысты, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, АҚ – ның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

28 наурыз, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.