Атырау, 27 сәуір 19:53
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Жастар Рухы»: еріктілер су басқан аудандарға қол ұшын созуда

217 просмотра

Көктемгі су тасқыны еліміздің біраз аймағын әбігерге салды. Әсіресе Абай, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы жағдай күрделі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанатының еріктелері көмектесіп жатыр.  

Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштықтың айтуынша еріктілер еліміздегі төтенше жағдайлар кезінде ешқашан шет қалмаған.

«Аймақтардағы қазіргі ахуал баршамызға белгілі. Облысымыздағы жағдайды біле тұра, қол қусырып отыра алмадық. Бір топ ерікті Шұбарқұдық ауылына жолға шықтық. Қардың қарқынды еруіне байланысты болған су тасқанынан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуге дайынбыз», - дейді Ә. Тыныштық. 

Ал Қостанай облысындағы Екідің ауылында көмек көрсетіп жүрген еріктілердің бірі – Абзал Нұридин.

«Мұнда 12 үйді су басып қалған. Еріктілер эвакуациялау жұмыстарына атсалысып жатыр», - дейді ол.  

«Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірованың айтуынша, бүкіл ел бойынша 100-ден астам волонтер ортақ іске жұмылдырылған.

«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып су тасқынының алғашқы сағатынан-ақ жергілікті тұрғындарға көмек берудеміз. Былтыр Абай облысында болған өрт кезінде де бар көмегімізді аямағанбыз. Жастар қанатының волонтерлері әрдайым халыққа көмек беру ісінде алғы шепте деп айта аламын. Қазіргі таңда Қостанай, Абай, Ақтөбе және басқа да су алып жатқан аймақтарда біздің бірнеше волонтер көмек көрсетуде», - деді ол.

«Жастар рухы» Жастар қанаты жасақтаған волонтерлер тобы қардың еруі мен топырақтың жібуі салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға белсенді көмек көрсетіп бермек. 

28 наурыз, 08:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.