Атырау, 27 сәуір 23:08
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Министр: Утиль алым бойынша ешқандай өзгеріс болмайды

403 просмотра
Almaty.tv

Қазақстандағы утилизациялық алым мен алғашқы тіркеу төлемдері туралы мәселе Мәжіліс қабырғасында тағы қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төменгі палата депутаттарына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы қатынасы туралы өзгертулерді баяндаған Қанат Шарлапаевқа депутат Нартай Сәрсенғалиев сұрақ қойды. Депутаттың айтуынша, утилизациялық алым мен алғашқы тіркеу төлемдерінің құнын сәл түсіруді бірнеше министрлік қолдап отыр. Тек Қанат Шарлапаев басқарып отырған өнеркәсіп және құрылыс ведомствосы осы тақырыпқа келгенде ат-тонын ала қашатын көрінеді.  

– Сіздің министрліктен ресми жауап алған жоқпыз. Сондықтан сұрағым келеді. Бұл төлемдерді төмендетуге неге қарсысыздар? Қандай негіздемелер бар? Неге жауап беруден бас тартып отыр және халықпен неге ашық түсіндіретін диалог жүргізілмейді? – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев.

Бұл сұраққа мінберде тұрған министр үзілді-кесілді жауап беруден бас тартты. Қанат Шарлапаев сұрақтың тақырыпқа сай емесін алға тартқанымен, сыртқа шыққан соң журналистер осы сауалды қайта қойды. Министрдің айтуынша, утиль алым бойынша ешқандай өзгеріс болмайды. Яғни, утиль алымды төмендеткен жағдайда ол зауыттар салынбай, жұмыс орындары құрылмай қалуы мүмкін.

– Бүкіл автокөлік өндіретін кәсіпорындардың жұмысын кім сақтайды? Депутаттарға осындай сұрақ қойдым. Қазіргі таңда көліктің бағасы басқа елдермен салыстырғанда сәл жоғары немесе бірдей, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

27 наурыз, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.