Атырау, 28 сәуір 05:24
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс берілді

402 просмотра
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тасқын судың алдын алу бойынша облыстық жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырыс барысында облысқа қарасты қалалар мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алуға  бағытталған жұмыстары туралы баяндады.

Штаб отырысында облыс әкімі Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.

«Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше, және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарға су кірген. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңдар», - деді облыс әкімі.
27 наурыз, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.