Атырау, 28 сәуір 16:50
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау мерзімін тағы 10 жылға ұзартады

337 просмотра
Reuters

Бүгін Мәжіліс Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісіміне түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды NEGE

Құжат 2023 жылы 16 маусымда Санкт-Петербургте жасалған. Хаттамаға келісімді жүзеге асыру үшін құзыретті органдарды анықтауға қатысты өзгерістер енгізілді. Қазақстан тарапынан – Энергетика министрлігі, Ресей тарапынан – «Роснефть» мұнай компаниясы» қоғамдық акционерлік қоғамы.

Келісімді жүзеге асыру Қазақстанға Ресей мұнайын алмастыру арқылы өз мұнайын сатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ресей мұнайын Қазақстан арқылы тасымалдаудан жыл сайын ел бюджетіне қаржы түсетін болады.

Бұдан бөлек Павлодар мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты да жүктеледі. Транзит көлемдері, мұнай транзиті үшін тарифтер мен төлемдерді жаңарту көзделеді.

Ресей мұнайы жылына 10 млн тонна көлемінде белгілі бір бағытта магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ұзақ мерзімді тасымалданбақ. 

27 наурыз, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.