Атырау, 28 сәуір 18:01
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстандағы ғарыш жүйелерінің екі ұлттық операторы да міндетінен бас тартты

361 просмотра

Олар 2023 жылғы 20 маусымда ғана ұлттық оператор болып айқындалған еді, деп хабарлайды Информбюро.

Қазақстанда ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары өзгереді. Өйткені, 2023 жылғы маусымда ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары болып айқындалған "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ өздерін ұлттық операторлар тізімінен алып тастау жөнінде өтініш білдірген. 

Соған сай, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өткен жылғы ұлттық операторларды айқындау жөніндегі бұйрығының күші жойылмақ. Бұл туралы жаңа бұйрықтың жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Жаңа ұлттық операторлар қашан және қалай айқындалатыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

27 наурыз, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.