Атырау, 27 сәуір 17:55
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тәулік бойы ұйықтамаған: жол апатында жүргізуші қаза болды

680 просмотра

9 наурызда сағат 07:00 шамасында Доссор- Құлсары-Бейнеу тас жолының 74 шақырым тұсында Газель маркалы және Камаз автокөліктері соқтығысты. Жол апатынан екі автокөлік те отқа оранып, Газель автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Полицейлер көліктерді және жол апатының салдарын тексеру барысында "Кибер-Шериф" құрылғысы арқылы автокөліктердің қозғалыс уақыттарын зерделеп, Газель көлігінің жүргізушісінің демалмастан тәулік ішінде Ақтау-Орал, Орал-Атырау бағыттарында көлік басқарғанын анықтады.

Тәртіп сақшылары жол ережелерін сақтап, көлікті сақтықпен басқаруды ескертеді. Көлікті басқару кезінде физикалық тұрғыда дайын болу маңызды, алыс сапарларда тасжол бойларындағы кемпингтерде демалу қажет. Көлік жүргізушілері өзінің және өзгенің денсаулығы мен өміріне жауапты екенін естен шығармауы міндетті.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 наурыз, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.