Атырау, 27 сәуір 17:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан мен Қытай көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

259 просмотра
Фото: Көлік министрлігі

Еліміздің көлік саласына жауапты министрі Марат Қарабаев Бейжің қаласына жұмыс сапары шеңберінде ҚХР мемлекеттік органдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ведомство басшысы ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Ли Чунлинмен және ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Линь Цзимен келіссөздер жүргізді.

Марат Қарабаев көлік саласында Қытаймен әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және кеңейтуге дайын екенін білдірді.

«Сонымен қатар тараптар екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға және олардың экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал ететін темір жолдарды, теңіз порттарын және транзиттік маршруттарды қоса алғанда, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Қытайдың мемлекеттік органдарының басшылары аталған салалардағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты қолдауға және ілгерілетуге дайын екендіктерін білдіріп, әріптестікті дамыту перспективаларына сенім білдірді», - делінген хабарламада.
27 наурыз, 08:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.