Атырау, 27 сәуір 14:54
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бишімбаевтың соты онлайн трансляцияланатын болады

275 просмотра

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн көрсетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады. 

“Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада. 

Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

Еске салсақ, Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилердің 27 наурызда іріктелетінін хабарлаған едік.

Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.  

Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді. 

27 наурыз, 00:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.