Атырау, 27 сәуір 13:36
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Қызылқоға ауданына 63 ауылшаруашылық техникасы алынды

556 просмотра

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қызылқоға аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан НҰРАЛИННІҢ айтуынша, елімізде ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға субсидия көлемі ұлғайтылды. 

Ауылшаруашылық министрінің бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес аталған саланың техникаларына республикалық бюджеттен 25-30 пайыз көлемінде субсидия беріледі. Сонымен қатар «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы аталған техникаларды лизингке алу кезінде бірінші төлемге шаруагердің қаражаты болмаған жағдайда, тиісті субсидияның ақшасынан төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған. 

- Өткен жылы ауылшаруашылығы техникаларының базасын жаңарту мақсатында аАудан шаруагерлері өз қаражаттарына және лизинг арқылы 78 арнайы техника сатып алды. Олардың 21-і трактор, 57-і мал азығын дайындайтын арнайы техника болса, биыл ауданға қарасты жеті шаруа қожалығы сегіз трактор сатып алды. Ал жыл соңына дейін тағы 13 трактор мен 50 мал азығын дайындайтын қосымша тахника алу жоспарланып отыр - деді ол. 

Айта кетейік, Қызылқоға ауданында бүгінде 557  шаруа қожалығы бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 наурыз, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.