Атырау, 27 сәуір 12:51
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жолды су шайып кеткен: Батыс Қазақстанда бір ауыл қатынассыз қалды

366 просмотра


Сурет: БҚО ТЖД

Қардың көп еруінен аудандық маңызы бар Сарыөмір-Дуана автожолының 2 ойпатты учаскесін су шайып кеткен, деп хабарлайды Орал апталығы.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 наурыз күні сағат 23.00-де Теректі ауданы аумағында Шалқар ауылдық округі орталығы Сарыөмір ауылынан 7 шақырым жерде болды.

Қардың көп еруінен аудандық маңызы бар Сарыөмір-Дуана автожолының 2 ойпатты учаскесін су шайып кеткен. Осыған байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды. Дуана ауылымен көлік байланысы жоқ.

«Елді мекендерге қауіп жоқ. Өңірде тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Тәулігіне 33 604 текше метр қар суы сорылды. Оған 519 адам жұмылдырылып, 199 техника, 87 мотопомпа тартылды. Облыс бойынша қауіпті тұстарға барлығы 2 840 дана қап салынса, соның 2 мыңы Орал қаласы, 500-і Қаратөбе, 300-і Сырым, 40-ы Теректі ауданының үлесіне тиеді», – деп хабарлады ведомстводан.

Сурет: БҚО ТЖД

Қазіргі уақытта облыс бойынша қардың көп еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар автожолдарда су өтуі 3 жерде байқалды:

1) 25.03. 11.30 Ақжайық ауданы, Құрайлысай а/о, Аттибек қыстағы, аудандық маңызы бар 7 ш. «Жұбан-Сайқұдық» а/ж.

Бұл учаске лента және жол белгілерімен қоршалған. Айналма жол бар.

2) 25.03. 14.05 Жәнібек ауданы, Жақсыбай а/о аудандық маңызы бар «Жәнібек-Таловка-Кіші өзен» автожолының 3 ойпатты учаскесінде судың жолдан өтуі орын алды:

– Борсы ауылы а/ж 1 ш. кіреберіс;

– «Жәнібек-Талов-Кіші өзен» а/ж 103 ш.;

– Жақсыбай ауылы а/ж 1 ш. кіреберіс.

Көлік қозғалысы бұзылған жоқ. Бұл учаске лента және жол белгілерімен қоршалған

3) 25.03. 23.00-де Теректі ауданы, Шалқар а/о, Сарыөмірр ауылынан 9 ш. жерде, қардың көп еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар (топырақ) «Сарыөмір-Дуана» автожолының 2 ойпатты учаскесінде судың жолдан өтуі болды.

Елдімекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Су өту орындарында кезекшілік ұйымдастырылған.

26 наурыз, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.