Атырау, 27 сәуір 14:56
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

БҚО-да екі аудандық маңызы бар тасжолды су басты

270 просмотра

Сурет: БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысы бойынша қалың қардың еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар екі автожолды су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі Әтібек қыстауы маңында аудандық маңызы бар «Жұбан-Сайқұдық» тасжолын су басты.  Оқиға орнында 3 су өткізгіш құбыр бар, 2023 жылы инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес, 1 су өткізгіш құбыр қосымша орнатылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Аталған маңайда айналма жол бар.

Сонымен қатар Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округіндегі «Жәнібек-Таловка-Кіші өзен» аудандық маңызы бар автожолдың 3 ойпатты учаскесін де су басты.

Елді мекендерді су басу қаупі сейілді. Зардап шеккендер жоқ. Көлік қозғалысы тұрақты.

Аймақта жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаменті және төтенше жағдайлар бөлімдерінің күштерімен кезекшілік ұйымдастырылды.

26 наурыз, 08:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.