Атырау, 27 сәуір 17:54
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан-Люксембург футбол матчына төрешілер белгіленді

216 просмотра
Фото: freepik.com

Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Люксембург кездесуінде Германия елінен Данни Маккели бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас төреші - Кристиан Дингерт. Оған Роберт Кемптер мен Кристиан Дитз көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - люксембургтік Иву Торреш.

Қазақстан және Люксембург кездесуі наурыздың 26-нан 27-не қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама беретін Ұлттар лигасы плей-офф сатысы жартылай финалында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

26 наурыз, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.