Атырау, 27 сәуір 17:22
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Кибершериф" жылдамдық асырған 16 мыңнан астам жүргізушіні анықтады

669 просмотра

Өңірімізде 1 ақпаннан бастап "Кибершериф" 28 борттық ақпараттық бағдарламасы іске қосылды.  Нәтижесінде осы құрылғымен 1 ай 18 күн ішінде жылдамдықты асырған 16 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.

Ал, 1 наурыздан бастап республикалық маңызы бар тас жолдарда 15 Трафик-Сканер, 8 "Оракул-Инсайт" жылдамдық  өлшеуіш құралдары қолданысқа берілді.  Полиция қызметкерлерінсіз автоматты түрде жүиеленген "Трафик-Сканер" тас жолдардың авариялық аумағында 15 жерде орнатылған. 

Бұл құрылғыларды бұзып кетпеуден сақтау үшін қосымша бейнебақылау камералары тікелей жедел басқару орталығына қосылды. Оракул-Инсайт арнайы автокөліктің салонына бекітіліп, автопатрульдеудің мобильді режимде құқық бұзушылықты жасырын түрде анықтауға арналған. Талдауға сәйкес, өткен жылы 344 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 94 адам қайтыс болып, 434 адам әртүрлі дене жарақатын алды. 

Мәселен, 2023 жылы тас жолдарда 5 ірі жол апатынан 26 адам қаза тапты. Атап айтқанда, 18 маусым 2023 жылы Атырау-Ақтөбе жолының 593 шақырым тұсында Lada маркалы автокөлік және автобустың қатысуымен орын алған жол аптынан бір отбасы 4 сәбиімен ажал құшты. 

Айта кетейік, жыл басынан бері  50 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам қаза тауып, 56 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Ал, қала аумағында, наурыз айында 2 ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тапқан.

Осы ретте , жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда абай болуларыңыз сұралады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 наурыз, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.