Атырау, 27 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Крокус Сити Холлдағы» шабуыл кезінде 60-тан астам адам қаза тапты

697 просмотра
Фото: РИА Новости / Максим Блинов

22 наурызда Мәскеу маңындағы «Крокус Сити Холлда» болған шабуылда 60-тан астам адам қаза тапты. Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметі өзінің Telegram-арнасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаза тапқандардың денелері тексеріледі. Шабуылда қаза тапқандардың саны 60-тан асады. Өкінішке орай, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін», - делінген ведомство хабарламасында.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті қылмыс орнынан заттай дәлелдемелер, оның ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер алынып тасталғанын, қажетті сараптамалар, соның ішінде генетикалық, баллистикалық, саусақ іздері жүргізіле бастағанын айтты.

Айта кетейік, кеше түнде Крокус Сити Холлда атыс болды. Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, белгісіз адамдар ғимаратқа кіріп, атыс ұйымдастырған. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205-бабы («Террористік акт») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 наурыз, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.