Атырау, 27 сәуір 17:10
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қаза тапқандар бар: Мәскеудегі «Крокус Сити холлда» атыс болды

716 просмотра

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында белгісіз адамдар оқ жаудырды. Куәгерлер жарылыс болғанын айтады. Ғимарат өртке оранған. Эвакуация жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Бірқатар телеграм арналарының хабарлауынша, кем дегенде 40 адам қайтыс болды, 100-ден астамы зардап шекті.

Интерфакстың хабарлауынша, бір топ ер адам ғимараттың кіреберісінде және көрермендер көп болатын залда оқ жаудырған. Олар «Пикник» рок тобының концертіне келген.

«Музыканттар зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.

Өрт сөндірушілер адамдарды шатыр арқылы шығарды. 100-ге жуық келуші эвакуацияланды. ТЖ орнына СОБР және ОМОН, 50-ден астам жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

Сондай-ақ, бірқатар дереккөздер ғимаратта әлі де бірнеше лаңкестер бар деп хабарлайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова «Крокуста» болған оқиғаны террористік акт деп атады.


23 наурыз, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.