Атырау, 27 сәуір 12:55
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құтқару қоңырауы: алты айлық сәби дәрігер-кеңесшінің арқасында аман қалды

1 203 просмотра
freepik.com

Ұялы телефонның сим-картасын 6 айлық қыз абайсызда жұтып қояды. Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерінің шапшаңдығының арқасында сәби аман қалды.

Анасының жанында отырған балақай кенет жөтеле бастайды. Мұны көре сала анасы травмпунктке хабарласып, мән-жайды түсіндіреді. Диспетчер тез арада телефон байланысын дәрігер-кеңесшінің пультіне ауыстырады.

- Дәрігер-кеңесші Гүлнәз ҚЫРЫҚБАЕВА телефон арқылы баланы құтқару жөнінде кеңестер беріп, анасына көмектесті. Осылайша бөгде зат шығарылып, қыз құтқарылды, - деді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз ӘБДІРАХМАНОВА.

Мұнан соң жедел жәрдем келіп, одан әрі меициналық көмек көрсетті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.