Атырау, 27 сәуір 14:56
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ақтөбе облысында тағы бр жолды су шайып кетті

373 просмотра
Бейнеден кадр

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ұлпан ауылы маңында жолды су шайды. Мұнда құм толы 300 қап төселгенімен суды толық тоқтату мүмкін болмаған. Бұл туралы Шалқар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шалқар ауданы әкімдігінің ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, республикалық маңызы бар Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автомобиль жолының 232 шақырымындағы Ұлпан ауылының тұсында қауіп күшейіп, жол жиегін бекіту жұмысы жүргізілді. Күні бұрын қапқа құм салып, төселді. Алайда қар тез еріп, жолды шайды. 

«Оқиға орнына Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Сатаев арнайы барды. Жағдай аудан басшының тікелей бақылауында. Аталған аумақта құзырлы мекеме тарапынан 300 қап құм төселенген. Алайда еріген қар суының деңгейінің өсуі салдарынан жолды су шаю жағдайы тіркелді»,- деп хабарлады Шалқар ауданының әкімдігі.

Бұл аумақта №7 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам, аудандық ТЖБ 1 адам мен 1 техника, «Энергосистема» ЖШС Шалқар бөлімшесінен 4 адам және 1 техника, «Қазсервис» ЖШС-нен 12 адам мен 4 техника, жеке кәсіпкерлерден 4 адам мен 4 техника жұмылдырылдылған. Сонымен бірге теміржолшылар да көмекке барды. Қазіргі кезде су тасқынының салдарын жою жұмысы жүргізіліп жатыр. Шалқар ауданы әкімдігі аталған бағыттағы жолға шықпауды сұрады.

19 наурыз, 08:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.