Атырау, 27 сәуір 17:35
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Төтенше жағдайлар министрі Атырау облысынаың су тасқынына дайындығын тексерді

891 просмотра

16 наурызда төтенше жағдайлар министрі Чингис АРИНОВ жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы. 

Сапардың негізгі мақсаты - аумақтық бөлімшелердің жұмысымен танысу, алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеру, проблемалық мәселелерді талқылау.

Министр, облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ, Департамент бастығы полковник Нұрлан ЖАҢАБАЕВ қалалық өрт сөндіру бөлімдеріне барып, олардың материалдық жағдайымен танысты. Жедел-құтқару жасағының орталық базасында болып, кинологиялық есептоптарды, техника мен жабдықтарды қарап шықты.

Бұдан өзге, өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын қарастыру мақсатында Махамбет ауданының Махамбет ауылында Жайық өзені бойында жүргізіліп жатқан жаға бекіту жұмыстарын қарады.

Кездесу барысында төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою, жаңа өрт сөндіру депосын салу, өрт сөндіру бөлімдерін материалдық-техникалық жарақтандыру және жөндеу мәселелері талқыланды.



18 наурыз, 08:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.