Атырау, 27 сәуір 15:49
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Батырлар арамызда жүр

911 просмотра

Көшедегі шұңқырлар жамалады деген үміт пен уәдеден шаршаған атыраулықтар мәселенің шешімін өз қолдарына ала бастады.

Әлеуметтік желілерді бақылау нәтижесінде Facebook желісінен қала тұрғыны Альфия Оқашеваның Самал ықшамауданындағы жанар-жағармай құю бекетінің маңындағы үлкен шұңқырды жамап кеткен белгісіз адамға ризашылығын білдірген жазбаларының бірін таптық.

«Біздің Атырау әкімдігі өзіне қолайлы жолдарды жамай берсін, ал адамдар өздеріне өздері көмектеседі. Сізге тағы да рахмет, мейірімді, қамқор жан», - деп бұл жазбаға фотосуреттерді жүктепті.

Айтпақшы, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл жазбаны өтініш ретінде қарастырып: «Шұңқырларды жөндеуге қатысты өтінішіңізді қарап, осы жылдың соңына дейін тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз», - деп жауап берген.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суретті түсірген Альфия Оқашева

17 наурыз, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.