Атырау, 27 сәуір 15:43
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда қуаттағыштан балаларды ток ұрған - жалған

943 просмотра
freepik.com

Әлеуметтік желіде Атырау қаласында ата анасының қаруынсыз қалған балалар смартфонның қуаттағышына токка тартылғаны жөнінде суретімен хабарлама тарап жатыр. Суреттен 3 баланың аурухана кереуетінде ес-түссіз жатқанын көруге болады.

«АЖ» тілшісі ақпартқа фактчекинг жасап, Атырауға қатысы жоқ жалған хабар екенін анықтады. Атырау облыстық денсаулық басқармасы да мұндай жағдайдың тіркелмегенін мәлімдеді.

Анықтағанымыздай дәлі осы сурет жүктелген ақпарат Өзбекстен республикасы азаматының YouTube каналында 7 наурызда жарияланған. Кейін сол елдің инстаграм пабликтеріне шыққан. Сурет Газа секторы (Палестина) қаласында түсірілген.

«Бірінші бала қуаттағыш сымын аузына салып, ток соққан. Екінші бала оны құтқармақ болғанда оны да ток соққан. Үшіншісі де көмектесуге тырысты, бірақ оны да ток соқты. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды», – дейді сілтеме авторы.

Балаларыңызға абай болыңыз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 наурыз, 00:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.