Атырау, 27 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әскери қызметшілер Көрісу күнін атап өтті

1 016 просмотра

41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 14 наурыз көрісу күнін жыл сайын атап өтеді, бауырсақ пісіріп, жауынгер жолдастарына дәм татқызды.

- 14 наурыз ежелден қазақтар арасында жаңа жылдың басы болып саналды. Бұрын «Көрісу күні» тек батыста ғана тойланатын, ал қазір ол бүкіл Қазақстан бойынша танымал болып келеді. Бұл қуанарлық жайт. Біз өз дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды сақтап, ұрпаққа осыны үйретуіміз керек, - деді әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы Дария Шүкенова.

Сондай-ақ, мерекені ұйымдастырушылар, сарбаздарға да, бауырсақтардан дәм татқызып, тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің офицерлері «Көрісу күні» мерекесінің тарихы және одан кейінгі мереке күндері туралы айтып берді.

- Сарбаздар қызығушылықпен тыңдады, өйткені олар елдің әр өңірінен әскерге шақырылған. Көбі мұндай мерекелер туралы алғаш рет естіп отыр. Мұндай мереке тек бейбіт тұрғындарды ғана емес, әскери қызметшілерді де жақындастырады, бұл әскери ұжымда достық байланыстарды нығайту жөніндегі мәдени-демалыс шарасының бір түрі, - деп атап өтті 41433 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Мейрам Қаппасов.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті 41433 әскери бөлімі жолдады

15 наурыз, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.