Атырау, 27 сәуір 22:51
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бельгияда тұтқындар «қашықтан» жазасын өтей алады

308 просмотра
Сурет: euronews.com

Мұндай жеңілдік терроризм немесе жыныстық зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлерге қарастырылмаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Түрмелердің толып кетуіне байланысты Бельгия билігі жазасын өтеушілерді үйге жіберу туралы шешім қабылдады. Яғни сотталушы бір ай үй қамағында, бір ай түрмеде болу арқылы жазасын өтейтін жерін алмастырып отырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Түрмелердің толып кету мәселесін шешуге үшін Бельгия кейбір сотталушыларға «темір торды» бір ай үй қамағына ауыстыруға мүмкіндік береді.

Елде сотталушылардың саны күрт өскен. Бельгияда 10 700 түрмеде 12 300 жазасын өтеуші бар.

Терроризм немесе жыныстық зорлық-зомбылық жасаған қылмыскерлер үшін, сондай-ақ 10 жылдан астам мерзімге сотталғандар үшін жазаны үйде өтеу қарастырылмаған.

12 наурыз, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.