Атырау, 28 сәуір 14:47
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ауа райына байланысты 3 облыста республикалық жолдар жабылды

345 просмотра

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 189 км 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)

1. «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті - Қарабұтақ елді мекені (жүк және қоғамдық көлік үшін)

Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ. - Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол (жаңбыр, көктайғақ)

1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а.(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.

11 наурыз, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.