Атырау, 27 сәуір 22:36
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Полицейлер мұзға түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарды

Бейнежазба
1 307 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

7 наурызда сағат 18:30 шамасында Жайық өзенінде 2 жасөспірімнің мұз ойығына түсіп  кеткенін байқаған қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері  дереу көмекке келген. 

Судан құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жіп жеткізіп өздерінің беліне байлап, балалардың суға батып кетуіне жол бермеген. Санаулы уақытта адам өміріне араша түспесе тілсіз жауды жеңе алмайтынын түсінген тәртіп сақшылары мен Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 2007 ж.т. жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарып, жедел-жәрдем шақырып алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты мұз беттері мен күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақ пен жылғалардың құйылысы жұқарып, еруіне байланысты адам өміріне қауіп тудырып отыр.


7 наурыз, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.