Атырау, 28 сәуір 14:39
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құлсары іргесіндегі көне зираттар тоналып жатыр

Сурет
1 311 просмотра

Жылыой ауданы Құлсары қаласының шет жағында орналасқан көне зираттардың құлпытасын бұзып, тонауда. 

- Бұл бейіттің аты жоқ, кейінгі жылдары "Қоғабай" деп аталып жүр. Қаланың Оңтүстік бөлігінде өндірістік аймақта орналасқан. Бұл көне бейіт, Ұлы Отан соғысы жылдарында болған деседі. Бірақ әлі де болса аталары сол жерде жатқандықтан, қайтыс болған туыстарын сол қорымға апарып қойып жүр. Елеусіз қалғандықтан марқұмдарға қойылған құлпытастарды бұзып әкетіп жатыр. Темір болса болды, оны металлоломға өткізіп, ақша тауып жүрген топ болуы мүмкін. Қалай еткенде де, құзырлы орындар шұғыл шара алу керек, - дейді Құлсары қаласының тұрғыны Әбдіхалық СИСЕНБЕРДИЕВ.

Зират қоршалмағандықтан, аңғал-саңғал күйде жатыр.

Бұл орайда тұрғынның шағымын облыстық ПД баспасөз қызметіне жолдадық. 

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 314-бабы 1-бөлігімен, яғни өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау дерегімен сотқа тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бейіттердің есімдері болмауына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттердің авторы белгісіз

8 наурыз, 00:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.