Атырау, 28 сәуір 08:41
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстанда алғаш рет тек қана ғалым әйелдерге берілетін марапат тағайындалды

913 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында салтанатты іс-шара өткізді. Оған еліміздің әр өңірінен келген жетекші ғалым әйелдер қатысты, деп хабарлайды KAZINFORM

Ғалым әйелдермен кездесу офлайн/онлайн форматында өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев өз сөзінде елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жылдар бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, дәстүр бойынша осы мереке аясында нәзік жандардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өтуді қамтиды.

А. Күрішбаев ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екендігін және ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайтынын атап өтті.

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы салтанатты жағдайда Құрмет грамотасымен марапатталған ғалым-әйелдердің еңбегін бағалап, отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды.

7 наурыз, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.