Атырау, 28 сәуір 03:27
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған Маңғыстау тұрғындары West oil Software мекемесіне жұмысқа орналасты

1 138 просмотра

6 наурызда жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 адам West oil Software компаниясына жұмысқа орналасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 

Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үміткер 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті. 

- Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі, - деді Ақылбек Садуев. 

Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті. Ал, жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылардың бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар.

7 наурыз, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.