Атырау, 28 сәуір 03:22
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ресей Жоғарғы соты президенттікке кандидат болғысы келген Надеждиннің меселін қайтарды

359 просмотра
freepik.com

Ресей Жоғарғы соты президенттікке кандидат болуға талпынған Борис Надеждиннің шағымын қанағаттандырмай тастады. Бұл жөнінде РИА "Новости" апелляциялық сот шешіміне сүйеніп хабарлады, деп жазады Азаттық радиосы.

Жоғарғы сот Надеждиннің Орталық сайлау комиссиясының 21 ақпандағы шешімін заңсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Надеждиннің шағымын апелляция алқасы бүгін, 4 наурызда қарады.

"Бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалды, шағымды қанағаттандырмады" деп жазды Надеждин телеграм-арнасында.

Бұған дейін Ресей ОСК Надеждинді кандидат ретінде тіркеуді қолдаушылардан жиналған қолдың шамамен 15 пайызын жарамсыз деп танылған еді. Бұған келіспеген Надеждин Жоғарғы сотқа шағым түсірген.

Соғысқа қарсы ұстанымдағы Борис Надеждин қазіргі президент Владимир Путинге балама кандидат ретінде Ресей президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеген. Оның штаб-пәтеріне қол қоюға келген адамдардың ұзын-сонар кезекте тұрғаны жұрт назарын өзіне аудартқан.

Надеждиннің штаб-пәтері оның кандидатурасын жақтайтындардан 200 мыңнан астам қол жинағанын мәлімдеді, олар ОСК-ға, заңға сәйкес, 100 мыңнан астам қол тапсырған.

Ресей азаматтары биыл 15-17 наурыз аралығында президент сайлауына дауыс береді. Тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар Ресейдегі сайлау әділетсіз өтеді, өйткені билік сайлау процесіне ұдайы араласады, оппозицияға қысым көрсетеді, билікшіл кандидатқа көбірек жағдай жасайды, кейде ашық бұрмалауға барады деп есептейді.

4 наурыз, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.