Атырау, 28 сәуір 08:57
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Израиль Газа секторында 6 апталық келісім жасады, соңғы сөз ХАМАС-та – БАҚ

208 просмотра

Израиль Газа секторында 6 апталық бітімге келісті, енді шешім ХАМАС-та, деп хабарлайды Еuronews. 

Палестинаның WAFA ақпарат агенттігі Израильдің Газа секторын атқылауы және әуе шабуылдары салдарынан оңдаған адам құрбан болғанын хабарлады.

Сектордың оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасалған шабуыл салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алды. Агенттік адамдардың қазасы туралы оқиға куәгерлеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Хан-Юнисті бомбалау салдарынан бірнеше палестиналық қаза тапқан.

Израиль қорғаныс күштері Газа секторының солтүстігіндегі Джебалия аймағына да бірқатар әуе шабуылын жасады.

Израильдік БАҚ атап өткендей, «ЦАХАЛ бүкіл секторда лаңкестікке қарсы рейдтер жүргізіп жатыр».

ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль операциясынан қаза тапқандардың жалпы саны 30 320-ға жетіп, 70 000-нан астам адам жарақат алды.

4 наурыз, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.