Атырау, 28 сәуір 23:35
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бельгия Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізеді

538 просмотра

Бельгия үкіметі келесі аптада Газа секторына гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте Палестина халқына жалпы құны 500 мың еуроны құрайтын жүк әскери ұшақтардан әуеден түсіріледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Премьер-министр Александр Де Крооның айтуынша, Бельгияның көмегі жалпы құны 100 мың еуро болатын азық-түлік өнімдері мен 400 мың еуроға жуық медициналық құрал-жабдықтардан тұрады.
Гуманитарлық көмекті әуе арқылы жіберу шешімі Газаға шекаралық өткелдер арқылы жүк тасымалдаудың қиындығына байланысты қабылданды.

Бельгияның A400M ұшағы Иорданияға ұшады. Жүк бір апта ішінде Газа секторына жеткізіледі. Осы мақсатта иорданиялықтармен әуе операциясының практикалық жағын талқылау және талдау үшін елге Қорғаныс министрлігінен бір топ жіберілді.

Бұған дейін Франция мен Нидерланд та Иорданиямен бірге осындай операциялар жүргізген.

2 наурыз, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.