Атырау, 20 мамыр 03:48
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазмұнайгаздың көмірсутек шикізатының қорлары 3,7 %-ға өсті

544 просмотра

DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз компаниясы жүргізген, PRMS халықаралық стандарттары бойынша  дайындаған аудитіне сай 2023 жылдың 31 желтоқсанында  ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 733 млн тонна м.э. (5 680 млн барр. м.э.) құрады. 2022 жылмен салыстырғанда 2Р қорының деңгейі 3,7%-ға өсті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Көрсеткіштердің өсуі геологиялық-техникалық іс-шаралар көлемін ұлғайту, ұңғымаларды бұрғылау және операциялық активтердегі өндірісті толықтыруға бағытталған игеру жоспарларын өзгерту бойынша іс жүзінде атқарылып жатқан іс-шаралармен, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарын игеру жоспарларын іске асыруды нақтылаумен байланысты болды.

28 ақпан, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.