Атырау, 27 сәуір 15:05
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Жаныңда жүр жақсы адам»

3 251 просмотра

«Қазақстан» телеарнасында түсіріліп жатқан бағдарлама топтамасы осылай аталады. Асылан ТІЛЕУБАЕВ (суретте) осы фильм-дердің кезекті кейіпкеріне айналды: ол өз достарымен бірге ауыр сырқатқа ұшыраған балалар үшін қаражат жинауды ұйымдастырады.

Телеарна түсіріп жатқан оқиғалар әр түрлі, олардың әрқайсысы толыққанды драманың, трагедияның, батырлық эпостардың сюжеті бола алады. Кейіпкерлері де жасы, кәсібі, ұлты бойынша әрқилы. Олар еліміздің әр қиырында тұрады, алайда олардың басын біріктіретін бір нәрсе - адамдарға риясыз көмектесуге деген құлшыныстары.

- Олардың арасында 45 жылдық тәжірибесі бар қан тапсырушы, 110 асыранды баланың анасы атанған әйел, солдатты өз саулығының құнымен снарядтан құтқарып қалған офицер және тағы басқалар бар. Өз кейіпкерлеріміз туралы әр түрлі жолдармен: ақпараттық агенттіктер хабарларынан, көрермендеріміздің телефон қоңырауларынан білеміз, - дейді телеарна редакторы Дастан ШЫМЫРБАЙ.

Біздің газетіміздің жарияланымдарынан(«ЖС» 02.09.10 күнгі №35, «Драйв стиліндегі қайырымдылық»; 07.04.11 күнгі №15, «Нұрислам, Мадина және басқалар»; №47, 29.11.11 күнгі «Дана сіздердің көмектеріңізге мұқтаж» мақалалары) редакторлар «4EVER» әлеуметтік-қайырымдылық қоры туралы біліпті. Жас жігіттер мен қыздар отбасы мен жұмыстағы қарбаластарға қарамастан, лейкемия, обыр және басқа да ауыр сырқаттарға шалдыққан балаларды емдеуге ақша жинау үшін флешмобтар мен басқа да түрлі акциялар өткізді. Қордың қозғаушы күші – Асылан Тілеубаев Алматыда туған, алайда соңғы жылдарда Атырауда тұрып, жұмыс жасап жатыр. Түсірілімдер Атырауда өтті, мұнда би көріністері, балалармен кездесу және «4EVER» қорының жігіт-қыздарымен сұхбаттар түсірілді. Сондай-ақ, фильмде кейіпкеріміздің анасы тұратын Алматыдан да түсірілген эпизодтар бар. Бағдарлама топтамасын теледидардан желтоқсан айында көре аламыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.