Атырау, 20 мамыр 04:51
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«ҚазМұнайГаз» ереуілдеткен West Oil Software жұмысшыларына үндеу жасады

943 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ West Oil Software қызметкерлерін жұмысқа шығуға шақырады, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

"«ҚазМұнайГаз» компанияның кен орындарына қызмет көрсететін мердігер ұйымдардағы жұмысшылардың тұрақтылығы мен еңбек жағдайлары мәселелеріне жіті көңіл бөледі.

Біріншіден, бүгінгі таңда ҚМГ-нің еншілес кәсіпорындары тапсырыс беруші ретінде мердігер ұйымдарды ұзақ мерзімді жұмыс көлемімен қамтамасыз етеді.

Екіншіден, ҚМГ жұмысшылардың жалақысы мен әлеуметтік аударымдарының уақтылы және толық көлемде төленуін бақылайды.

Үшіншіден, ҚМГ «West Oil Software» ЖШС техникасын жаңартуға қаражат бөледі. Бүгінгі таңда отандық өндірушімен 69 техника бірлігіне келісімшарт жасалды. Барлығы кем дегенде 202 жаңа техника бірлігін сатып алу жоспарда.

Төртіншіден, Жетібай кен орнында жаңа өндірістік база салу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында басталады.

Ұзаққа созылған ереуіл West Oil Software мекемесіне ғана шығын келтіріп қоймай, сонымен қатар Жетібай кен орнында мұнай өнімін жоғалтуға байланысты «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қомақты көлемде залал келтіруде. Қазіргі уақытта оның сомасы 1 млрд 320 млн теңгені құрады. Бұл өндіріске және тапсырыс берушілердің қаржылық жағдайына зиянын тигізіп отыр, – деп атап өтті ҚМГ мұнай сервисі департаментінің директоры Жасұлан Балуанов.

Бұрын мәлім етілгендей, ҚМГ West Oil Software компаниясының қызметкерлерін еншілес компанияларының штатына жұмысқа орналастырмайды немесе осы мақсаттар үшін жаңа еншілес кәсіпорын ашпайды.

Біз West Oil Software жұмысшыларын конструктивті диалог арқылы мәселелерді шешуге, заңсыз ереуілді тоқтатып, жұмысқа шығуға шақырамыз".

22 ақпан, 21:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.