Атырау, 20 мамыр 06:47
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​ҚМГ: АМӨЗ қызметкерлерімен мәселені ашық талқылауға дайынбыз

612 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының тапсырмасымен құрылған комиссия Атырау мұнай өңдеу зауытында өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.  

Арнайы комиссия құрамына енген мамандар бұдан бұрын әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын туралы ақпаратты жан-жақты зерттеп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік, қаржы және құқықтық қызметіне толық тексеру жүргізілетін болады. ҚМГ барлық туындаған мәселені зауыт қызметкерлерімен ашық талқылауға дайын.

Атырау қаласына арнайы барған ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев кәсіпорында өндіріс мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиында зауыттың жұмыс істеп тұрғаны және мұнай өнімдерін штаттық режимде жөнелтіп жатқаны атап өтілді.

«ҚМГ тарапынан Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістегі қызметкелері үшін тиісті жағдай жасау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Арнайы комиссия қалыптасқан жағдайды объективті түрде қарастырады. Кәсіпорын ұжымының бүгінгі таңдағы басты талабы — үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету және жөнелту қарқынын сақтап қалу», — деп атап өтті Д.Макеев.

Сонымен қатар кеше ҚМГ өкілдері зауытты толық аралап шықты.

19 ақпан, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.