Атырау, 20 мамыр 03:04
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Энергетика министрлігінде Теңіздегі қазақстандық қамту мәселелері талқыланды

547 просмотра

Елішілік құндылықты одан әрі дамыту және ірі жобаларда отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі жанынан Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қатысуымен жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді, онда «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры К. Лайон тыңдалды.

Отырыста Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларын орындау қажеттілігіне, атап айтқанда «таяу уақытта жаңа өндірістер құру және қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұлғайту» қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС басшылығымен бірлесіп, елішілік құндылықты арттыруды ынталандыратын шаралар қабылдау және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларды қайта қарау, атап айтқанда тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың тендерлік рәсімдерін жетілдіру қажеттілігі және отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар («оффтейк-келісімшарттар») жасасу жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 29 қыркүйек пен 19 желтоқсанда жұмыс тобының отырыстары аясында жоба операторының бірінші басшысының қатысуымен Қашаған жобасында елішілік құндылықтың жай-күйі қаралды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен Ашық есік күнін өткізу жоспарлануда.

15 ақпан, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.